Апталықтар

«ӘЛЕМДІ БЕЙНЕЛЕГЕН ҒЫЛЫМДАР» атты онкүндігінің ашылуы
С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталықтың қолдауымен 04.12.2021ж. күні физика — информатика пәндері бірлестігінің ұйымдастырумен «ӘЛЕМДІ БЕЙНЕЛЕНГЕН ҒЫЛЫМДАР» атты онкүндігінің ашылуы өтті.
Мақсаты: Ақпараттық технологияларды қолдана отырып,оқушылардың физика және информатика пәндері бойынша қызығушылақтырын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Ашылу барысында мектебімізге өзге ғаламшарлық қонақтар келді.Оқушыларға бірнеше ойындар ұйымдастырып, белсенділік танытқан оқушыларға өз сыйлықтарын ұсынды. Физика пәні бойынша оқушылар өз тәжірибелік жұмыстарын ұсынды. Роботатехника пәні бойынша, үйірмеге қатысатын оқушар өздерінің құрастырған роботтарын таныстырды.Ал информатика пәні бойынша “Кім ұшқыр” ойына ойнатылып,бірнеше платформалар қолданылды.
15.11.2021 ж. күні С.Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталық және ағылшын тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Different language is a different vision of life» «Басқа тіл –өмірдің басқа көрінісі» тақырыбында онкүндіктің ашылу іс-шарасы басталды. Мақсаты: Сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру болып табылады. Ашылу іс-шарасына Study On оқу орталығында жұмыс жасайтын, Голандия тұрғыны Renze Foppe қонақ ретінде келіп қатысты. Қонақты шақырудағы мақсатымыз: оқушыларды нағыз тіл маманымен сөйлестіріп, тілге деген құштарлығын ашу, ынталандыру, баулу, қызықтыру. Сонымен қатар, іс-шарада Великобритания, Ирландия, США, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия мемелекеттерінде бейресми мейрам болып табылатын Treat or trick мерекесі аталып өтілді. Онкүндік барысында 30 ашық сабақ, 8 сыныптан тыс іс –шарасы жоспарланып, бекітілді. Ағылшын тілі пәні бірлестігіне сәттілік тілейміз!

С.Нұрмағамбетов атындағы N 72 жалпы орта білім беретін мектебінде 11.10.2021 ж күні дене тәрбиесі және АӘТД пәндері бірлестігінің “Спорт -таусылмас азық, өнер сарқылмас байлық” атты онкүндігінің ашылу іс-шарасы өтті. Іс-шараға қонақ болып,мектебіміздің түлегі, спорттың батуттық гимнастика түрі бойынша 2 дүркін әлем чемпионы, 2016 ж. Бразилияның Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатысушы ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие Алиев Пирмаммад Садиярұлы келіп, өзінің ұстаздарына алғысын білдірді. Онкүндік барысында 32ашық сабақ, 9 сыныптан тыс жұмыстары жоспарланып отыр.

«БҮКІЛ ӘЛЕМ СӨЙЛЕЙДІ, НАҚТЫ ҒЫЛЫМ ТІЛІНДЕ» атты онкүндігінің ашылуы

С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталықтың қолдауымен 03 05.2021ж. күні физика — информатика пәндер бірлестігінің ұйымдастырумен «БҮКІЛ ӘЛЕМ СӨЙЛЕЙДІ, НАҚТЫ ҒЫЛЫМ ТІЛІНДЕ» атты онкүндігінің ашылуы өтті.

Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ашылу салтанатында — бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың физика – инфрматика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары екені айқын. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде екені баяндалып өтті. Сонымен қатар апталық барысында физика — информатика пәндері бойынша ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, тәжірибе жұмыстары, вебинар, пікірсайыс кештері өткізілетінін хабардар етті. Мектеп тынысынан видеороликтер, апталық дайындықтарынан слайд шоулар көрсетілді. Іс — шара жоғарғы деңгейде өттілді.

19.04.2021ж күніАғылшын тіліәлем тіліатты тақырыбында ағылшын тілі онкүндігінің ашылуы өтті.

 

Мақсаты жаңа технология элементтері арқылы АКТны белсенді қолдану, оқушыларға шет тілін меңгертуде белсенділік таныта отырып, оқытудың жаңа технологиялық әдістерін үйрету арқылы бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеу және олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

С.Нұрмағамбетов атындағы 72 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталық және музыка және көркем еңбек пәндер бірлестігінің ұйымдастырумен 05 сәуірде «Біз өнерді, еңбекті сүйетінМәңгілік ел болашағымызатты онкүндігінің ашылу рәсімі өтті. «Ұстаздан шәкірт озар» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, апталықтың ашылу салтанаты болды. Көрмеге оқушылардың шығармашылық жұмыстары және аудандық , республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орын алған оқушылардың қолынан шыққан өнер туындылары қойылды .Атап айтсақ, бейнелеу өнері, ағаштан жасалған бұйым , кестелеу өнері, киізден жасалған бұйымдар, тоқыма өнерінен әртүрлі бұйымдар және т.б.

 

Апталықтың мақсаты оқушылардың шығармашылығын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылық сезімдерін ояту, қазақ халқының салтдәстүрі, қолөнер түрлерімен сусындату, күнделікті өмірмен байланысты талғам жасай білуге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиетке бай, тәртіпті, өнегелі, білікті, білімді болып қалыптасуына себепкер болу.

С.Нұрмағамбетов атындағы N72 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталық және орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастырумен 08 ақпанда «Руский язык – звучно богатый язык» атты онкүндігінің ашылу рәсімі өтті. Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, креативті ойлауын дамыту арқылы білімдерін нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Апталықтың ашылу салтанатында әріптестеріміз қыс мезгілімен қоштасып, көктем мезгілін қарсы алды. Орыстың ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрін, әдеби атрибуттар көрмесімен таныстырып, сахналық қойылым көрсетті. Онкүндік барысында пән мұғалімдері 17 ашық сабақ, 5 сыныптан тыс жұмысын жоспарлап, бағдарламасымен таныстырды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектепте 27.01.2021 жылы биология пәні бойынша 5-11 сыныптар арасында «Биология сабақтарындағы зертханалық жұмыстар» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс шараның өткізілу мақсаты:

-оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге;

-биология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру,оқушылар арасында бәсекелестікті дамыту;

— оқушының алған теориялық білімінодан әрі терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік беру;

— дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға, еңбекке баулуға, жауапкершілікке және мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Сынып тыс зертханалық сабақты биология пәні мұғалімдері: Ахметова Б.К, Алибекова К.А өткізді.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С. Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінде 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 2020 жылдың 07.12-18.12. аралығында «ТАРИХ- ӨТКЕНГЕ САБАҚ,КЕЛЕШЕККЕ ӨНЕГЕ» атты тарих және география әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен онкүндік өткізілді.

Онкүндіктің мақсаты: Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту, өткеннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Онкүндік барысында пән мұғалімдері қазіргі қашықтықтан оқыту кезеңіне сай платформаларды пайдалана отырып, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырды. Жоспарға сәйкес 5-сыныптар арасында «Менің Қазақстаным», «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында сурет көрмесі, 7-сыныптар арасында online Test Pad платформасы арқылы «Алтын сақа», «Әл-Фараби-2020 зияткерлік танымдық » олимпиадалары және 5-11 сыныптар арасындаWhatsApp желісі арқылы «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің биік тұғыры» тақырыбында өткізілген эссе байқауына оқушылар белсенділікпен қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 8-10 сыныптарда Zoom платформасымен «Тәуелсіздік және тарихи тұлғалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы тұңғыш президент-Елбасының рөлі» тақырыбында ашық эфирде жүздесу өтті. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Рухани жаңғыру және Қазақстан Ассамблеясы» орталығының (қоғамдық ұйым) «Мирас»РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ұйымдастыруымен, жастар санасында денсаулық-білім-рухани қазына байлықтарын бағалау мен өркендету қағидатымен 2020 жылдың 11 желтоқсанда Еліміздің «Тәуелсіздік күні» мерекесіне 29 жыл толуына орайластырып және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында онлайн жүйеде өткен ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ бәйгесі мен дүбірлі республикалық IV БАЙҚАУЫНА мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға, пән мұғалімдері алғыс хаттарға ие болды. 11 сынып оқушылары Zoom платформасында «Тәуелсіздік-ата-бабам аңсаған» атты монолог оқудан сайыс сабаққа қатысып, өз қабілеттерін көрсете білді. Сонымен бірге 9-11 сыныптардың пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігінің қатысуымен гуманитарлық пәндерді ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары тақырыбында вебинар өткізіліп, ұсыныс, пікірлер ортаға салынды. Бірлестіктегі барлық пән мұғалімдер қашықтықтан оқытуға тиімді әдіс-тәсілдерді, платформаларды, желілерді пайдаланып жоғары деңгейде ашық сабақтар өткізді. Кезекші сыныптарда барлық санитарлық нормалар сақталып, оффлайн режимінде сабақтар өтілді. Онкүндік барысында мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасып, оқушылар әртүрлі шығармашылық жұмыстарда белсенділік танытып, қабілеттерін көрсете алды.

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ — ЖАҢАШЫЛ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ » атты бастауыш сынып бірлестігінің онкүндікте атқарған жұмыс қорытындысының жабылу салтанаты өтті.16-27.11.2020 ж аралығын қамтыған апталық, оқушылар арасында өткен түрлі байқаулар, білім белесіне көтерер олимпиадалар, көрмелер, бастауыш ұжымы өткізген вебинар,ашық сабақтар мен қазіргі жаңартылған білім мазмұнында айрықша қабілетін жоғары көрсететін түрлі коучингтерге ұласты. Жаңашылдық пен салауаттылыққа бағытталған барлық межеленген іс шаралар уақытында, жоспарға сәйкес өткізілді. Мұғалімдер іс шара барысында оқытудың жаңартылған бағдарлама мазмұнында, әдіс — тәсілдерін қолдана жүргізді. Бұл онкүндік оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс жімыстарын ұйымдастыруға заман талабына сай жол таба білуге бағытталды. Қорытындылай келе апталыққа белсене атсалысқан оқушылар мен ұстаздарға, мектеп директоры Б.Н.Усманов алғысын білдірді