Альтаир дебат клубы

Әр адам жинаған білімі мен білігін дұрыс пайдалануы маңызды. Осы орайда, мектебімізде құрылған дебат клубы қозғалысын жандандыру және мектептегі өзін-өзі басқаруды жетілдіру мақсатында «ДЕБАТ — достық алаңы» тақырыбында 10- сынып оқушылары арасында дебат сайысы өтті.
♻️Мақсаты:
— оқушылардың танымдық деңгейін жақсарту,
— ой өрістерін, тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
♻️Талқыланған тақырып:
«Мамандық таңдау –Болашақ ойлау деп есептейді» тақырыбында .
Берілген тақырып төңірегінде оқушылардан құралған «Альтаир» және «Ақиқат» фракциялары өз ойларын өзара сараптап, тақырыптың мақсаты мен өзектілігін талқыға салды. 🔰Болашағынан зор үміт күтетін жастарымыз көп болсын.
С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталықтың қолдауымен 10.12.2021ж. күні физика — информатика пәндер бірлестігінің онкүндігі барысында өткізілген «БП ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ЖҮЙЕСІН ШЕТЕЛДІК IT КОМПАНИЯЛАРҒА БЕРУ КЕРЕК Д.Е.» тақырыбында мектепшілік пікірталасқа 8-10 сынып оқушылары арасында Америкалық парламенттік форматта мектепішілік дебаттық турнирі өтілді.
МАҚСАТЫ: Оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мәнін аша білу үйрену, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыу. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Философиялық көзқарастарын қалыптастыруға баулу. Адами қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуына ықпал жасау.
 «Альтаир» дебат үйірмесінің жылдық жоспарына сәйкес қараша айында белгіленген іс-шара аясында 20.02.2022 күні «Бп: Ата-аналардың қыз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек д.е» тақырыбында дебат пікірсайысы болып өтті. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін дамыту, мәдениеттілікке тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, шыдамдылыққа, кішіпейілділікке баулу, өз пікірін дәлелдей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге үйрету, ақиқаттқа тура қарауға тәрбиелеу. Дебат ойыны «Американдық парламенттік форматы» бойынша өткізілді.
«АЛЬТАИР» дебат клубының жетекшісі Жуманова Г.П.
«ЗИЯТКЕРЛІК ТӘРБИЕ, АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТӘРБИЕСІ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША «ДЕБАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ҮШ ТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ПІКІРСАЙЫС
Пікірсайысқа түсу, дебатқа қатысу — белгілі бір ереже бойынша қарсы тараптың өз позициясын қорғап, көпшілік алдында сөз сөйлеуі. Ол адамның ораторлық қабілеті мен ойлау жүйесін дамытады. Дебат турнирлері — жастардың тұлғалық ресурстарын, шығармашылығы мен жеке мүмкіндіктерін дамытуға, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық татулықты басты тақырып еткен зияткерлік байқаулар мен құрылымдық дискуссияларды насихаттауға ықпал етеді.
Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 9 қазан күні Қаратау ауданы, Абай Құнанбаев атындағы мектеп базасында «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰЛҒАСЫ» тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Аталған шараға С.Нұрмағамбетов атындағы N72 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары үш тілде қатысып, орыс тілі фракциясы бойынша ІІI — дәрежелі дипломмен жеңіске жетіп, марапатталды. Пайымы терең пікірсайысшы ретінде мектебіміздің белсенді оқушысы Зұлпұхар Мержан және Абдралиева Жансая “𝐔𝐙𝐃𝐈𝐊 𝐒𝐏𝐈𝐊𝐄𝐑” номинациясына ие болды. Оқушыларымыздың пікірсайыс ойынына деген қызығушылықтары күннен-күнге артып келеді. Шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтап, шығармашылық шабыт тілейміз!💐