Өзін-өзі басқару

«Мектеп парламенті» өзін - өзі басқару ұйымы мен «Дебат» клубы кабинетінің салтанатты түрде ашылуы

2022 жылдың  26 қаңтар күні «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ЖӘНЕ РЕФЛЕКСИЯ» тақырыбында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектептердің «Мектеп парламенті»  президенттері мен координаторларына арналған онлайн форматта тренинг өтті. Тренингке Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» өзін-өзі басқару  ұйымының президенті, 10 «А» сынып оқушысы Рахматуллаев Мұхамеджан қатысты. Қашықтықтан ұйымдастырылған іс-шара барысында мектеп белсенділері Солтүстік Қазақстан облысының «АЯЛА» қамқорлық балалар ұйымының атқарған жұмыстарымен, мақсат — бағыттарымен танысты. Өзін-өзін басқару ұйымының «Өзін-өзі тану және қамқорлық» фракциясының тарапынан құрылған қамқорлық балалар ұйымының қоғамға, мектеп оқушыларына тигізетін пайдасы туралы қызықты әрі құнды ақпараттар алды. «МЕНІҢ АРМАНЫМ» айдарында өткен тренинг барысында «МЕНІҢ ОРЫНДАЛМАҒАН 3 АРМАНЫМ» ойыны сергіту сәтімен жалғасып, керемет әнмен тренингімізді аяқтадық.
Мектеп психологы Бекбосынова Кулия мен өзін-өзі басқару ұйымының «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ЖӘНЕ БАҚЫТ » ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ұйымдастыруымен "БІЛГЕНІМНЕН БІЛМЕГЕНІМ КӨП ӘЛІ.....” тақырыбындағы жасөспірім қыздарға арналған психологиялық кеңес өткізді.
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектепте «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» өзін-өзі басқару ұйымының ПРЕЗИДЕНТІ мен ФРАКЦИЯ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ сайлауы болып  өтті. Нәтижесінде жүйелі жоспары, бағыт-бағдары айқын, мақсаты нық басым дауысқа ие болған оқушылар сайланды:
 Рахметуллаев Мұхамеджан —  10 «А» сынып оқушысы, МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ;
 Бақытжан Ұлар — 9 «Қ» сынып оқушысы, КӨШБАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ;
  10«Е» сынып оқушысы  Шалғынбай Нұрасыл  — «Құқық және тәртіп» фракция көшбасшысы;
Әлібек Перизат -10«Ә» сынып оқушысы, «Ақпарат» фракциясы көшбасшысы;
Сағындық Диас -10 «А» сынып оқушы, Спорт және салаутты өмір салты фракция  көшбасшысы;
Нұржаева Мадина —  10 «Г» сынып оқушысы,«Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясы  көшбасшысы;
Мамытова Эльвира  — 9 «Ә» сынып оқушысы «Мәдениет және өнер» фракциясы көшбасшысы
 Кенже Тұлғаталпын — 10 «Ә» сынып оқушысы «Дебат қозғалысы» фракциясының көшбасшысы;
 Бокейхан Ерсұлтан  -10 «Ж» сынып оқушысы -«Қамқорлық» фракциясының көшбасшысы.
Ибрагимова Мадина — 9 «Е» сынып оқушысы, «Экология және еңбек» фракция көшбасшысы;
Абсамат Асылзат -9  «Қ»  сынып оқушысы, Білім министрі;
Тұрар Арсен -10 «Ә» сынып оқушысы, «Адал ұрпақ» клубының Президенті;
Келес Мәди- 10 «Ж» сынып оқушысы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Президенті;
   Мектепішілік сайлау нәтижесімен мектеп мұғалімдері мен оқушылары таңдаған «Өзін-өзі басқару» ұйымының жаңа Президентін және фракция көшбасшыларын  мектеп директоры Усманов Бегмат Нұралыұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбай Гүлбақыт Тайжанқызы  құттықтап, жылы лебізін білдірді және Ұйымдастырушы педагог Тасходжаева Гүлчехра Русланқызына «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын атқарудағы алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.