Біздің мектебіміздің жаңа жобасы «КВИЗИУМ» интеллектуалды ойыны.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінің әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 қарашасында «КВИЗИУМ» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты:мұғалімдердің танымдық интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашыл, еркін ойлай алатын ұстаздар ортасын қалыптастыру. Ойынның шарты: Жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. Ойын 4 кезеңнен тұрады: «Сергіту сәті», «Логика», «Музыка», «Кино». 1. «Сергіту сәті» кезеңінде әртүрлі тақырыптар бойынша жеңіл сұрақтарға жауап береді. 2. «Логика» кезеңінде логикалық сұрақтар арқылы ойлау қабілеті, ой шапшаңдығы, тапқырлығы, жылдамдығы анықталады. 3. «Музыка» кезеңі бойынша әннің атын, орындаушысын, топтың атын анықтайды. 4. «Кино» кезеңі бойынша қай фильмнен үзінді, кейіпкерлері кім екенін табады. «КВИЗИУМ» интеллектуалды ойыны әр түрлі тақырыптағы сұрақтармен 4 кезең көңілді бәсекелестік атмосфера жасады және қатысушыларды өздері білмеген Білім, Өнер саласындағы сұрақтарға жауаптарды еске түсіруге мәжбүр етті. Қатысқан командаларға «Ең үздік білімді топ», «Ең үздік тапқыр топ», «Ең үздік ойшыл топ», «Ең үздік жүйрік топ» номинациялары бойынша СЕРТИФИКАТ берілді.

Дидактикалық көрнекіліктер байқауы

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектепте Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бірінші Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі, №1 Халық Қаһарманы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының есімі берілуіне орай оқушылардың патриоттық сезімін ояту, генерал есімінің берілуін сезіну, есімін абыроймен алып жүру жауапкершілігін арттыру мақсатында мектебіміздің әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен:
• 2-3 сыныптар арасында «Дидактикалық көрнекіліктер»;
• 7 сыныптар арасында «Естелік суреттер»;
• 8 сыныптар арасында «Эссе»;
• 10 сыныптар арасында «Бейне түсірілім» байқауы өткізілді.
2-3 сыныптар арасындағы «Дидактикалық көрнекіліктер» байқауының жеңімпаздарын директордың уақытша міндетін атқарушы Г.С. Жекенова марапаттады.
І дәрежелі дипломмен – 3 «Ж» сыныбы, сынып жетекшісі Тобанова Гүлжамал; ІІ дәрежелі дипломмен – 3 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Джураева Гүлзипа;
ІІ дәрежелі дипломмен – 3 «Ғ» сыныбы,сынып жетекшісі Тастанова Райса;
ІІI дәрежелі дипломмен – 3 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі Тленчиева Жазира; ІІІ дәрежелі дипломмен – 3 «К» сыныбы,сынып жетекшісі Адилбаева Гулнара;
Алғыс хатпен – 2 «З» сыныбы, сынып жетекшісі Кубеева Дамира;
Алғыс хатпен – 2 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Оспанова Айгүл;
Алғыс хатпен – 3 «М» сыныбы, сынып жетекшісі Кульбаева Кулайша;
Алғыс хатпен – 2 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі Паринова Эсмира;
Алғыс хатпен – 2 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Ильясова Гүлнұр;
Алғыс хатпен – 3 «З» сыныбы, сынып жетекшісі Қаражігіт Сәуле;
Алғыс хатпен – 2 «К» сыныбы, сынып жетекшісі Курбанова Гулдона.
7 сыныптар арасындағы «Естелік суреттер» байқауының жеңімпаздарын алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Адильбеков Эльдар Ермекұлы марапаттады.
І дәрежелі дипломмен – 7 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Даутбаева Балнұр;
ІІ дәрежелі дипломмен – 7 «Қ» сыныбы, сынып жетекшісі Кауменова Айтолқын;
ІІІ дәрежелі дипломмен – 7 «Ғ» сыныбы, сынып жетекшісі Тохаева Гүлбану.
8 сыныптар арасында «Эссе» байқауының жеңімпазын бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Оразов Тоқтамұрат Кемелбекұлы марапаттады.
ІІ дәрежелі дипломмен – 8 «Ж» сыныбы, сынып жетекшісі Ахметова Балжан.
10 сыныптар арасында «Бейне түсірілім» байқауының жеңімпаздарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утебаев Талғат Болатұлы марапаттады.
І дәрежелі дипломмен – 10 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Сандибекова Гүлсара;
ІІ дәрежелі дипломмен – 10 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі Орынбаева Ғазиза;
ІІІ дәрежелі дипломмен – 10 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Ералиева Меруерт.
Осы байқауға қатысқан барлық сыныптар мен олардың жетекшілеріне, атсалысқан барлық жанкүйерлерге, әділ қазылар алқасы мен осы байқауды ұйымдастырып отырған мектебіміздің әдістемелік орталығына, сонымен қатар байқаудың өткізілуіне қолдау көрсеткен бастауыш кәсіподақ ұйымына алғысымызды білдіреміз.

"Жобалық менеджмент" конференциясы

Шымкен қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы Болат Өтемұратов қорының 2021жылғы 28 қазанындағы N 27 хатына сәйкес аталған қордың "Jas Leader Akademiiasy" бағдарламасы шеңберінде 2021жылдың 13-14 қараша күндері С. Нұрмағамбетов атындағы 72 ЖОББМ "Жобалық менеджмент" конференциясы өтілді. Осыған орай, мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Ералиева Меруерт Қанатқызы және қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Алибаева Құралай 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен шағын конференция өтті. Екі күн бойы оқушыларымыз бизнес, қоғам және мектеп мәселелері туындатқан жоба жасады. Барлық конференциялар қорытындылары бойынша 30 үздік жоба іріктелініп, олардың авторлары ақырғы Алматыда өтетін форумға қатысады. Оқушыларымызға сәттілік тілеп, дәл сендер жасаған жобалар іске асырылсын деген тілегіміз бар!

Это заголовок

Шымкен қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы Болат Өтемұратов қорының 2021жылғы 28 қазанындағы N 27 хатына сәйкес аталған қордың "Jas Leader Akademiiasy" бағдарламасы шеңберінде 2021жылдың 13-14 қараша күндері С. Нұрмағамбетов атындағы 72 ЖОББМ "Жобалық менеджмент" конференциясы өтілді. Осыған орай, мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Ералиева Меруерт Қанатқызы және қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Алибаева Құралай 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен шағын конференция өтті. Екі күн бойы оқушыларымыз бизнес, қоғам және мектеп мәселелері туындатқан жоба жасады. Барлық конференциялар қорытындылары бойынша 30 үздік жоба іріктелініп, олардың авторлары ақырғы Алматыда өтетін форумға қатысады. Оқушыларымызға сәттілік тілеп, дәл сендер жасаған жобалар іске асырылсын деген тілегіміз бар!

САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАЙШАСЫ АШЫЛДЫ

еңес одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, №1 армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың атымен аталатын мектебімізде батырдың ескерткіш тақтайшасы ашылды. Салтанатты іс-шарада қалалық қарулы күштер ардагерлері ұйымының төрағасы Серікбай Онбаев және мектебіміздің директоры Бегмат Усманов сөз сөйлеп, халықтың қаһарман ұлы жайлы ойын толғады. Мектеп батыр атымен аталатындықтан мұнда 7 сыныптан жоғары оқушыларға арналған "Кадет сыныбы" ашылды. Сондай-ақ "Ерлікке тағзым" атты қосымша сабақ өтіледі. Осы арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беріліп, шәкірттер әскери өнердің қыр-сырына қанығады, - деді Бегмат Нұралиұлы. Іс-шара соңында жиналған ардагерлер оқушылардан құралған әскери топ өрендерінің өнерлерін тамашалады. Айта кету керек, мектепке Кеңес одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі 2020 жылдың 27 қарашасында ҚР Үкіметінің №799 қаулысына сәйкес берілді. Алайда дүние жүзін жайлаған коронавирус инфекциясының таралуына, соған орай карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты ресми датаны салтанатты атап өту бүгінге дейін шегеріліп келді.

Тәуелсіздік бәрінен қымбат атты “VideoART” жобасы

29.10.21 ж. күні С. Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта беретін мектебінде Әдістемелік орталықтың жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 іс- шара жобасы аясында “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты “VideoART” жобасы өтті. Жоба мақсаты: информатика пәнінен қызуғушылығы жоғары дарынды оқушыларды анықтау,қолдау көрсету.Жоба екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде тағайындалған әділ-қазы алқасына ұсынылған 13 жұмыстың ішінен үздік деп табылған 6 бейнетүсірілім екінші кезеңге жолдама алды. Екінші кезең заман талабына сай мектебіміздің жас маман жастар орталығының жастарынан құралған жүргізушілер тарапынан үш тілде жүргізілді. Үздік деп табылған 6 бейнетүсірілім экраннан көрсетілді. Google forma платформасы арқылы, 30 мұғалімнен тұратын әділ-қазы алқасына сілтеме жіберілді. Нәтижесінде: Бас жүлде- 10 ғ сыныбының оқушысы Тыныбек Алихан иемденсе, жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Омарбекова Алтынай Асанқызы І орынды - 11 Б сыныбының оқушысы Қуанышбек Мухаммед иемденді. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Бабаева Асем Досбаевна ІІ орын- 10 Ә сынып оқушысы Кенже Тұлғаталпын қанжығасына байлады. Жетекші:Жуманова Гульзат Пердебайқызы. ІІІ орын - 10 Д сынып оқушысы Әміре Томирис алды. Жетекшісі Шабданбек Абай Асанханұлы. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік мақтанышы!» номинациясының иегері 8 Ж сынып оқушысы Айтбала Нұрасыл ,жетекшісі Әбутәліпқызы Сағыныш болса, «Тәуелсіз елдің ұланы!» номинациясын 2 Ә сынып оқушысы Туртаев Мирас, жетекшісі: Налибаева Жаудир Актуреевна иемденді. Барша жүлдеге ие болған дарынды оқушыларымызды құттықтаймыз. Әдістемелік орталық атынан осы жобаның ұйымдастыруына өз үлестерін қосып, барынша қолдау көрсеткен физика-информатика пәні бірлестігінің ұстаздарына үлкен рахмет!

Тәуелсіз елдің болашағы – жас мамандар

.Нұрмағамбетов атындағы N 72 жалпы орта білім беретін мектебінің әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің болашағы – жас мамандар» тақырыбында мектебіміздің жас мамандары, жас маман жастар орталығының туын таудың ең биік шыңына орнатты. Осы іс-шарамызды Сексен Тоғыз І.Т. Мектеп-лицей жас мамандарына челлендж ретінде жолдаймыз.

ЖЕР-2021

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты С. Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінде 23 қыркүйекте "ЖЕР-2021" №16-04-05/8841 хатын орындау мақсатында халықаралық командалық оқу-жаттығуы санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушылармен қызметкерлерді жер сілкінісі кезінде төтенше жағдайларды жою міндеттерін орындау жөніндегі арнайы тактикалық сейсможаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндіру және үнемі есте сақтау керектігін жеткізу; Қажетті теориялық білімдер, практикалық іс – әрекеттер көлемін оқушылардың игеруіне жәрдемдесу; Өзін – өзі қорғай алатын, күнделікті тыныс – тіршіліктен хабардар, сезімтал, жан – жақты тұлға тәрбиелеу. Шымкент қаласы Тотенше жагдайлар департаменти Азаматтык корганыс баскармасынын ага офицери майор Келегулов Мерей Бахытжанулы сейсможаттығудың нәтижесін шығарып, қызметкерлер мен оқушылардың дайындығына жогаргы деңгейде деген баға берді.