ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

 2023 жылдың 13 қаңтар күні 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша атқарылған жұмыстар есебін беру мақсатында Қамқоршылық кеңес отырысы офлайн және онлайн платформасында өткізілді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:
1. 2022-2023 оқу жылының ерекшеліктері мен өзгерістері, мұғалімдердің сапалық құрамы және мектеп жетістіктері. Мектеп базасының материалдық- техникалық жабдықталуы.
/Мектеп директоры Б.Н.Усманов/
2. Жергілікті және Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат туралы есеп.
/Бас бухгалтер А.Д.Тілеуқабылова/
3. Мектептің білім сапасы, Алтын белгі, ҰБТ мәселесі;
/Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Жакашева/
4. Қамқорлық акциясы, әлеуметтік
мәртебеге ие отбасынан шыққан оқушыларға көресетілген көмектердің есебі.
/Әлеуметтік-педагог: А.К.Жанбет/
5. Әр түрлі мәселелер.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер барлық сала бойынша есеп беріліп, қойған сұрақтарына нақты жауап берілді. Қамқоршылық кеңес төрағасы Ахметбаев Ғани Молдабекұлы және кеңес мүшелері мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Отырыс соңында кеңес мүшелері жаңадан ашылған бастауыш мектеп ғимаратына барып танысты.



ОҚУ ҒИМАРАТЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

С.Нұрмағамбетов атындағы №72 ЖОББМ 3528 оқушыны оқу процесімен қамтамасыз етеді. Биылға дейін 3 ауысымды болып келген мектебіміз, жаңа қосымша ғимарат арқылы толық екі ауысымға көшті.

375 оқушыға арналған бастауыш ғимараты заманауи стильде соғылып, ең соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. Сонымен қатар, ғимарат ішінде асхана, спорт зал, аулада 2 спорт алаңшасы мен 5 балалар ойын алаңшасы орналасқан.

Бұл тек бастауыш оқушылары үшін ғана емес, орта, жоғары буынға да жақсы әсер етуде. Негізгі ғимараттағы 5-11 сынып оқушыларының сабақ барысы 100 пайыз кабинеттік жүйеге ауысып, қосымша сабақ, спорт, өнер үйірмесі т.б. сыныптан тыс жұмыстардың жандандырылуына оң әсерін тигізді.

«Елдің ертеңі – жастар» деген мемлекетіміз қашанда бірінші мектептің жағдайын ойлап, кешенді түрде қыруар шаруа тындырып келе жатыр. Еліміздегі халық саны көп мегаполис үшін білім беретін әрбір ғимараттың соғылуы айтулы оқиға.




“ҮЗДІКТЕР ШЫҚҚАН ШЫҢ” тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы

 

 

Ағымдағы жылдың 30-шы желтоқсан күні, С.Нұрмағамбетов атындағы N72 жалпы орта білім беретін мектебінде, әдістеме бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, мұғалімдер мен оқушылардың І -жарты жылдықтағы атқарылған жұмыстарын бағалау,жеткен жетістіктерін марапаттау мақсатында “ҮЗДІКТЕР ШЫҚҚАН ШЫҢ” тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Мектебіміздің білікті ұстаздары мен дарынды оқушыларына ұжым атынан алғыс білдіре отырып сәттілік тілейміз!