«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!» атты салтанатты мерекелік іс-шарасы

458181697_1798487230684312_5132676948844077326_n
458117121_1798487414017627_2207042072551110236_n
457872019_1798487360684299_6792331647122574303_n
457724349_1798487307350971_2696940068340709475_n
458181620_1798487217350980_2807111003643689617_n
457702554_1798487167350985_561976297874192916_n
458145905_1798487327350969_6021406298408004211_n
457619358_1798487390684296_6602778530089493516_n
458099315_1798485687351133_6399039056193690305_n
458170090_1798487274017641_3215414489740615411_n
457733178_1798487157350986_4496659885422501023_n



Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

2023 жылдың 14 желтоқсан күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының (АПҚО) қызметі мәселелеріне арналған өңірлік семинар өтті. Өңірлік семинарға Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орталықтың жұмысына жауапты шығармашылық жұмыс тобының мүшелері (директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, мектеп психологтері) қатысты. Семинар барысында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ғылыми-әдістемелік бөлімінің ғылыми қызметкерлері А.Х.Мұхтаров, Е.С.Шайланов, аға оқытушы, халықаралық кәсіби, ICU сертификатталған жаттықтырушысы Б.Т.Абдикаликова мектебіміздегі Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстарымен танысып, ұжымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүрлерін (беташар, бесікке салу, тұсаукесер), оқушылардың қолөнер бұйымдарын тамашалады. Келген қонақтарымыз балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамытуды көздейтін «АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» кабинетінің ашылу салтанатына қатысты. Кабинеттің тұсаукесеріне жиналған қауымға мектеп басшысы Бегмат Нұралыұлы өз тәжірибелерімен бөлісіп, таныстырып өтті. Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде нәтижелі еңбек көрсетіп отырған ұстаздарымыздың сүбелі еңбегіне Аманғали Хамидоллаұлы табыс пен жоғары жетістіктер тіледі. Семинар қорытындысында өңірлік семинарға қатысып, іс тәжірибесімен бөлісе білген мектеп директоры Усманов Бегмат Нұралыұлын және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбай Гүлбақыт Тайжанқызын Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бірінші вице-президенті Е.Н.Сакенованың Алғыс хатымен марапаттады.