Кәсіптік бағдар беру

Введите текст заголовка

Жылдық жоспар 2023-2024жж

2023-2023жж жылдық жоспары



«140 балл»атты интеллектуалды сайысы

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы 72 жалпы орта білім беретін мектебінде химия және биология онкүндігі жоспарына сәйкес 11 сыныптар арасында “140 балл”атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа форматтағы ҰБТ-ге жауапкершілікпен жоспарлы дайындық жасауға тәрбиелеу. Оқушылардың өзін-өзі тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, сресті жеңуге жол көрсету, бойларына сенімділік орнату. Сайыста “Бәйге”, “Жасырын ұяшықтар””, “Kahoot” әдісімен тапсырмалар, ойындар берілді. Қатысқан оқушылар арасында 1-ші орынды 11 “Ә” сынып оқушысы Жұмабай Айдана, 2-ші орынды 11 “Б” сынып оқушысы Байнеев Ерасыл, 3-ші орынды 11 “Ж” с ынып оқушысы Жуманова Нұргүл алып, өз білімдерін дәлелдеді. Жүлдегер оқшылар мараппатталды. Іс-шараға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары Жекенова Гаухар Серікбайқызы, Орал Нұркен Базарбайұлы және пән мұғалімдері қатысып, оқушыларға тілектерін, алғыстарын білдірді. Ұйымдастырушы мұғалімдер:
Бекбаева Ақшолпан мен Салтаева Меруерт
437931475_1709903959542640_77072773111741707_n
437784905_1709903912875978_3447513606288534718_n
437919822_1709904112875958_6021964888542594456_n
436426199_1709904012875968_8048404024095098703_n
437795749_1709904052875964_3942295186219034193_n
438769570_1709903902875979_5105035578471189572_n

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектеп бітіруші оқушылардың жоғары мектеп/факультеттердің білім беру бағдарламаларын таныстыру мақсатында «С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің» 9,11 сыныпты бітіруші түлектері «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне», «Мирас колледжіне», «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар » колледждерінің «Ашық есік күндеріне» қатысып қайтты.⚜️ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі және көпсалалы университеті, облыстың ғылыми, білім, зияткерлік, мәдени орталығы.⚜️ “Мирас” колледжі мекемесі 2005 жылы құрылған.Өзінің қызмет еткен уақытында колледж өзінің қалыптасу жолынан өтті, соның арқасында білім беру қызметі нарығында өзін көрсете білді және білім алушылардың сеніміне ие болды.⚜️ «Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» негізі 1969 ж. қаланған экономика, заң,ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс,энергетика, және мұнай-газ өндірісін автоматтандыру бағыттарында бәсекеге қабілетті, жұмыс берушілердің талаптарына сай маман дайындайтын республикамыздағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі.«Ашық есік күні» мақсаты – бітіруші түлектердің еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігін қалыптастыру болып табылады.

442436208_1726811404518562_4201467687456824772_n
442393615_1726811387851897_5870386237428945809_n
442404985_1726811321185237_1478044233533767616_n
442393700_1726811344518568_3733904359064051368_n
441463150_1726811347851901_6648789686089293877_n
442442192_1726811031185266_8868047844299790775_n
442409777_1726811047851931_7646470986654243569_n
424774397_1666497743883262_420598297519437340_n

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 31 қаңтар күні кәсіби бағдар беру мақсатында «Кім боламын?» атты 9 – сыныптар арасында пікірлесу ұйымдастырылды.Пікірлесудің мақсаты: мамандықтарды таңдай және талдай білуге, өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету. Пікірлесу оқушылармен дебат үлгісінде, оқушылардың өз пікірлерін ортаға салу арқылы, екі бағытта гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша әр топ өз ойларын ашып айтты. Сергіту сәті ретінде оқушыларға «Бункер» ойыны ойнатылды.Мектебіміздің басшысы Б.Н. Усманов пікірлесуге қатысып, оқушыларға болашақта мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасау керектігін айтты.Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті болып, оның мамандығы қоғамға пайдалы болатындай болуы керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

Master Addons

«Кім боламын?»

424774397_1666497743883262_420598297519437340_n
424736612_1666497837216586_3258817341378527190_n
424708257_1666497700549933_2742671060266165238_n
424779568_1666497830549920_6469431417434199236_n
424868421_1666497803883256_2001980815934625807_n
424666888_1666497730549930_8017152831850623596_n
424896158_1666497723883264_8322804615021673755_n
424742493_1666497757216594_510469210261107763_n
424571345_1666497777216592_94229984449552934_n
424666156_1666497810549922_147333157458351993_n
424669198_1666497790549924_1427497720457509113_n
424669198_1666497790549924_1427497720457509113_n

Кәсіптік бағдар беру – табысты болашаққа маңызды қадам

2024 жылдың 18 қаңтар күні кәсіби бағдар беру мақсатында «С.Нұрмағамбетов атындағы №72 ЖОББМ ШЖҚМКК» акт залында Алматы қаласының Азаматтық Авиация Академиясы және Авиация колледжінің өкілдері Қаратау ауданына қарасты мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Азаматтық Авиация Академиясы авиация саласының тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін халықаралық талаптарына сәйкес авиация мамандарын даярлау бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы дәстүрлі көшбасшы оқу орындарының бірі болып табылады. Бітірген түлектері әртүрлі әуе компанияларында жұмыс жасай алады. Кездесу барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, оқу орны туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқу орны жайлы брошюралар таратылды.








«Мамандығым — мақтанышым»



Мектебімізде 2023 жылдың 4-5 желтоқсан күндері 8-11 сыныптар аралығында мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған ата-аналарға «Ашық есік» күнінің жоспарына сәйкес «Мамандығым — мақтанышым» атты
10-сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел өтілді. Мақсаты: «Мамандық таңдауда оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау». Кәсіби білім беру педагогы С.С.Файзуллаева дөңгелек үстелге арнайы қонақтарды шақырды. Олар:
“Ұлбайша Тілеубековна-Қалалық онкологиялық орталығының бас мейірбикесі Маханов Тұрсынхан-ОҚПУ-дың «Өнер және білім факультетінің кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы» аға оқытушы, педогогика ғылымдарының кандидаты. Алмагүл Набекқызы-невропотолог-рефлексотерапевт, Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Муратов Джумабай Абаевич келді.
Іс –шара барысында келген қонақтар оқушыларға әр мамандықтың қызығы мен қиындығы жайлы, өз мамандығын жүрекпен қалап, ұлтымыз үшін үлес қосып жүргендерін атап айтты. Өтілген іс-шараның бала болашағы үшін маңызы зор екенін де айтып, Бегмат Нұралыұлы басқарып отырған мектеп ұжымына рақмет айтты.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Жакашева келген қонақтарға алғыс білдіре отырып, іс-шараны қорытындылады. Мектебіміздің келешек түлектері өздеріне қажетті ой түйіндегені сөзсіз…

406473783_1633072457225791_1693865046539101325_n
406519494_1633072387225798_5431251602451018442_n
406514535_1633072480559122_4107686563282883122_n
406505789_1633072437225793_6112417140063979742_n
406490952_1633072467225790_128455370018375540_n
407417049_1633072443892459_8735036931969452950_n
407370257_1633072413892462_7645498285109246394_n
406483576_1633072423892461_7142589218577378674_n

Powered By EmbedPress