2023 жылдың 14 желтоқсан күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының (АПҚО) қызметі мәселелеріне арналған өңірлік семинар өтті. Өңірлік семинарға Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орталықтың жұмысына жауапты шығармашылық жұмыс тобының мүшелері (директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, мектеп психологтері) қатысты. Семинар барысында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ғылыми-әдістемелік бөлімінің ғылыми қызметкерлері А.Х.Мұхтаров, Е.С.Шайланов, аға оқытушы, халықаралық кәсіби, ICU сертификатталған жаттықтырушысы Б.Т.Абдикаликова мектебіміздегі Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстарымен танысып, ұжымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүрлерін (беташар, бесікке салу, тұсаукесер), оқушылардың қолөнер бұйымдарын тамашалады. Келген қонақтарымыз балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамытуды көздейтін «АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» кабинетінің ашылу салтанатына қатысты. Кабинеттің тұсаукесеріне жиналған қауымға мектеп басшысы Бегмат Нұралыұлы өз тәжірибелерімен бөлісіп, таныстырып өтті. Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде нәтижелі еңбек көрсетіп отырған ұстаздарымыздың сүбелі еңбегіне Аманғали Хамидоллаұлы табыс пен жоғары жетістіктер тіледі. Семинар қорытындысында өңірлік семинарға қатысып, іс тәжірибесімен бөлісе білген мектеп директоры Усманов Бегмат Нұралыұлын және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбай Гүлбақыт Тайжанқызын Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бірінші вице-президенті Е.Н.Сакенованың Алғыс хатымен марапаттады. Навигация по записям Предыдущая запись «ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ – ТӘРБИЕ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында қалалық семинары