Қамқоршылық кеңес

324731848_509668054565687_1559546579733444339_n
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты "С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беру мектебі" ШЖҚ МКК- да мектеп әкімшілігі 2023 жылдың 13 қаңтар күні 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар есебін беру мақсатында Қамқоршылық кеңес отырысы офлайн және онлайн платформасында өткізілді. КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР: 1. 2022-2023 оқу жылының ерекшеліктері мен өзгерістері, мұғалімдердің сапалық құрамы және мектеп жетістіктері. Мектеп базасының материалдық- техникалық жабдықталуы. /Мектеп директоры Б.Н.Усманов/ 2. Жергілікті және Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат туралы есеп. /Бас бухгалтер А.Д.Тілеуқабылова/ 3. Мектептің білім сапасы, Алтын белгі, ҰБТ мәселесі; /Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Жакашева/ 4. Қамқорлық акциясы, әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан оқушыларға көресетілген көмектердің есебі. /Әлеуметтік-педагог: А.К.Жанбет/ 5. Әр түрлі мәселелер. Күн тәртібіне қойылған мәселелер барлық сала бойынша есеп беріліп, қойған сұрақтарына нақты жауап берілді. Қамқоршылық кеңес төрағасы Ахметбаев Ғани Молдабекұлы және кеңес мүшелері мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі. Отырыс соңында кеңес мүшелері жаңадан ашылған бастауыш мектеп ғимаратына барып танысты.