Үйде оқытылатын оқушылар мәлімет
«ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ – ТӘРБИЕ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында қалалық семинары
https://youtu.be/M-QMHRAfBoshttps://youtu.be/EK-kjuNLtSchttps://youtu.be/hr1Stdrageohttps://www.youtube.com/watch?v=NE2Izt2RXskhttps://youtu.be/96sk8qM-tHIhttps://youtube.com/shorts/w38NNJ8SG6Q?feature=share
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
2023 жылдың 14 желтоқсан күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының (АПҚО) қызметі мәселелеріне арналған өңірлік семинар өтті. Өңірлік семинарға Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орталықтың жұмысына жауапты шығармашылық жұмыс тобының мүшелері (директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, мектеп психологтері) қатысты. Семинар барысында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ғылыми-әдістемелік бөлімінің ғылыми қызметкерлері А.Х.Мұхтаров, Е.С.Шайланов, аға оқытушы, халықаралық кәсіби, ICU сертификатталған жаттықтырушысы Б.Т.Абдикаликова мектебіміздегі Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстарымен танысып, ұжымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүрлерін (беташар, бесікке салу, тұсаукесер), оқушылардың қолөнер бұйымдарын тамашалады. Келген қонақтарымыз балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамытуды көздейтін «АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» кабинетінің ашылу салтанатына қатысты. Кабинеттің тұсаукесеріне жиналған қауымға мектеп басшысы Бегмат Нұралыұлы өз тәжірибелерімен бөлісіп, таныстырып өтті. Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде нәтижелі еңбек көрсетіп отырған ұстаздарымыздың сүбелі еңбегіне Аманғали Хамидоллаұлы табыс пен жоғары жетістіктер тіледі. Семинар қорытындысында өңірлік семинарға қатысып, іс тәжірибесімен бөлісе білген мектеп директоры Усманов Бегмат Нұралыұлын және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбай Гүлбақыт Тайжанқызын Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бірінші вице-президенті Е.Н.Сакенованың Алғыс хатымен марапаттады.
БІЛІМ ОРДАСЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
Время изменил 5 қазан – Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев С.Нұрмағамбетов атындаға ЖОББМ-ның ұжымына өз алғысын білдірді. “Баланың бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға” деп ұстаздарымызды тілге тиек еткен бас ұстазымыз Ғани Бектайұлының алғысы — бізге шабыт беріп, жоғары белестерді бағындыруға жігерлендіреді. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан Оқу-ағарту саласы еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуде. Білім беру саласында қызмет етіп жүрген әріптестерімізді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!ось
ЖАС МАМАН 2022-2023жж
Ағымдағы жылдың 26 – шы желтоқсан күні,С.Нұрмағамбетов атындағы N72 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «ЖАРҚЫРА, ЖАСА, ЖАС МАМАН» байқауы өтті.
Мақсаты:
-Жас мамандардың кәсіби мәртебесін көтеру;
-Шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету;
-Педагогикалық тәжірбиелерімен бөлісу;
Байқау шарттары мен критерийі:
1. Таныстыру ( ТЕDx форматта)
Критерий: Жас маманның біліктілігін, педагогикалық техникасын, мәдениетін бақылау;
2. Сабақ үдерісіндегі цифрлық технологиялар
(сабағында қолданған платформалармен 3 минуттық видео ролик)
Критерий: Өз тәжірибесімен бөлісу арқылы педагогикалық қабілетін сараптау.
3. Өз өнері ( таңдауы бойынша)
Критерий: Жас маманның шығармашылық бағытын байқау
4. Білікті ұстаз, білімді жас маман (тәлімгерімен бірге ситуациялық жағдаяттан шығу)
Критерий: Педагогикалық ой- өрісі мен эрудициясы, адамгершілік- этикалық қасиетін талдау;
5. Қорытынды.
Байқау нәтижесінде:
Бас жүлде
математика бірлестігінің жас маманы Нұрмаханова Айару
І орын
педагог- логопед Юсупбекова Әсем
ІІ орын
дене тәрбиесі және АӘД бірлестігінен Төлен Бақдаулет
ІІІ орын
Ағылшын тілі бірлестігінен Асылбекова Құралай
Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінен Розакулова Наргиза.
Жүлделі орындарға ие болған жас маман қатысушыларымызды ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз!
« ҮЗДІКТЕР ШЫҚҚАН ШЫҢ» тақырыбында ғылыми практикалық конференциясы
/*! elementor - v3.13.3 - 28-05-2023 */ .elementor-widget-image-carousel .swiper,.elementor-widget-image-carousel .swiper-container{position:static}.elementor-widget-image-carousel .swiper-container .swiper-slide figure,.elementor-widget-image-carousel .swiper .swiper-slide figure{line-height:inherit}.elementor-widget-image-carousel .swiper-slide{text-align:center}.elementor-image-carousel-wrapper:not(.swiper-container-initialized):not(.swiper-initialized) .swiper-slide{max-width:calc(100% / var(--e-image-carousel-slides-to-show, 3))}Мектебімізде ағымдағы жылдың 6-шы сәуір күні талантты, дарынды оқушыларды тану және олардың бойына біткен дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында мектебіміздің әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен « ҮЗДІКТЕР ШЫҚҚАН ШЫҢ» тақырыбында ғылыми практикалық конференциясының марапаттау рәсімі өтті. 2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдығында үздік деп танылған ұстаздар мен оқушылар жетістігі мектебіміздің мақтынышы екені анық.Марапаттау рәсімінде мектеп директоры Усманов Бегмат Нұралыұлы мектептің үздік ұстаздары мен оқушыларына алдағы күндерінде де осындай жетістікке жете берулеріне тілек білдіре отырып, биылғы жылы қыруар жұмыстар болып жатқанын тілге тиек етті. “Қош келдіңіз” жас журналистер байқауының, “Зерде” республикалық зерттеу жобалар конкурсының, 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың, жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсының, “Жүрегімнің түбіне терең бойла” эссе бағыты бойынша Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен “Абай әлемі” атты ІІІ республикалық шығармашылық байқауының, VII “Алтын сақа” олимпиадасының жеңімпаздарын марапатталды. Егемен еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпаққа білім беру жолындағы адал еңбегіңіз бен сапалы жұмыс нәтижесін көрсеткені, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлесі үшін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызының, әдістемелік орталықтың басшысы Meruert Medetbekova – ның алғыс хатымен марапатталған бірнеше мұғалімдерді де құттықтады. Сондай-ақ жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ – 2023» байқауының жүлдегерлері марапатталды.Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева ,. Сонымен қатар қалалық мұғалімдер спартакиадасында барлық спорт түрін қоса есептегенде ІІ орын алған мектеп ұжымы мен шеберліктерімен көзге түскен мұғалімдер марапаты табысталды.Кеш соңында мектеп басшысы Бегмат Усмановмұғалімдер мен оқушыларға ынталандыру мақсатында өзінің тарапынан сыйлықтар тарту етті. Атап айтар болсақ, метебімізде салауатты өмір салтын дамыту мақсатында үстел теннисі мен бадминтон (толық құрал-жабдықтарымен), шахматтар, волейбол (3) мен футбол (1) доптарын сыйға тартты. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ділдабек Ерасылға қазақтың қара домбырасын тарту етті.Осылайша өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған “Үздіктер шыққан шың” тақырыбындағы мараппаттау кеші ұстаздар мен оқушыларға ерекше жігер сыйлады деген ойдамыз.Дарынды шәкірттер мен өз ісінің шеберіне айналған ұстаздар кез-келген марапатқа лайықты.
Предыдущее изображение
Следующее изображение
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ
.elementor-widget-image{text-align:center}.elementor-widget-image a{display:inline-block}.elementor-widget-image a img[src$=".svg"]{width:48px}.elementor-widget-image img{vertical-align:middle;display:inline-block}
МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ “БАЛДАУРЕН” ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ!Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Шымкент қаласы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4 сыныптар бойынша 1- МАУСЫМ балалар күніне орай МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ “БАЛДАУРЕН” ЖАЗҒЫ ЛАГЕРДІҢ АШЫЛУЫ атты салтанатты іс-шара өтті.
/*! elementor - v3.13.3 - 28-05-2023 */.elementor-widget-image-carousel .swiper,.elementor-widget-image-carousel .swiper-container{position:static}.elementor-widget-image-carousel .swiper-container .swiper-slide figure,.elementor-widget-image-carousel .swiper .swiper-slide figure{line-height:inherit}.elementor-widget-image-carousel .swiper-slide{text-align:center}.elementor-image-carousel-wrapper:not(.swiper-container-initialized):not(.swiper-initialized) .swiper-slide{max-width:calc(100% / var(--e-image-carousel-slides-to-show, 3))}
Предыдущее изображение
Следующее изображение
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ