ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталықтың қолдауымен 02.05.2023ж күні «Спорт –таусылмас азық, өнер – сарқылмас байлық» тақырыбында дене шынықтыру және АӘТД пәндер бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылуы болды.Мақсаты: Оқушылар арасында Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру Онкүндік барысында өтілетін сабақтан тыс іс шаралары және бірлестіктегі барлық пән мұғалімдер ашық сабақтары 02-15 мамыр аралығында жалғасын табады. Ұйымдастырылатын спорттық іс-шаралар мен әскери-патриоттық сайыстарға, шебер сыныптар мен ашық сабақтарға белсене қатысуға шақырамыз!