С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектепте 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 11 сыныптың мектеп бітірушілеріне арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шара мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әрбір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.
Іс-шараның қонақтары:
– Шымкент қаласының Білім басқармасының әдіскері Думчебаева Гульмира Расуловна;
-“Қарулы Күштерінің ардагерлері” республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиал төрағасының орынбасары полковник Мещанов Сагнале Курмангалиевич;
-Шымкент қалалық Қарулы күштер ардагерлерінің төрағасы, полковник- Онбаев Серікбай Мейірбайұлы;
– Желтоқсан Ақиқат Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкет филиалының төрағасы Оспанова Гулмира Болатқызы;
– Мектебіміздің қамқоршылық кеңесі;
– Ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысып, жас түлектерге сәтті сапар тілеп, құттықтау тілектерін айтты.
Биылғы оқу жылында мектебімізді 232 оқушы аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. 9 түлегіміз «Алтын белгіге», 10 түлегіміз «Үздік куәлікке» үміткер. Шетелдік ЖОО-на емтихандарын тапсырып, соның ішінде 4 оқушы шетелге шақырту алды:
Әбдеш Аңсар Сабырханұлы – Чехия, Прага архитектуралық университеті;
Тулан Ақсүйін Нұрланқызы -Грекия елі, Аристотель университеті, психология мамандығы бойынша;
Алибай Мерке Бекзатқызы -Турция,Стамбул қаласы, Кадир Хас Университеті,Архитектор мамандығы бойынша;
Абсамат Асылзат Маратқызы – Италия,Сиена қаласы,Сиена Университеті,Бизнес мамандығы бойынша грант иегері болды.
Мектеп директоры Усманов Бегмат Нұралыұлы мектеп бітіруші түлектерді мерекелерімен құттықтап, өмір деп аталатын алып күре жолда сүрінбеулеріне тілек білдіріп, жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тіледі.