Қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігі

Қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігі

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектепте 2023 жылдың 18 қыркүйек күні «Бесікте әлдилеген ана тілім» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру,пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,көркем әдеби шығармаларды насихаттау.
Іс-шара барысында Манат Аштайқызының жетекшілігімен 11-сынып оқушылары І.Есенберлиннің «Қаһар»,М.Әуезовтың «Абай жолы»шығармасынан үзінді көрсетіліп,қазақ әдебиетінің мол мұраларынан үзінділер оқылды.Ш.Құдайбердіұлының әндері шырқалып,қуыршақ театрының сахналастырылған ертегі қойылымын қойып,күй тартып,би билеп көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Мектебіміздің директоры Бегмат Нұралыұлы және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гулжан Қамысбекқызы ұстаздар мен оқушыларды онкүндіктің ашылуымен құттықтап,алдағы болатын іс-шараларға белсенділікпен қатысу керектігін айтып,бірлестік мүшелеріне сәттілік тіледі.

376274987_1592088141324223_5049493042257476565_n
376277871_1592088157990888_8544840905769737454_n
376285791_1592088051324232_3663048407380792855_n
378158337_1592088134657557_7815581293015562004_n
378170833_1592088151324222_1863245080647006342_n
380687688_1592088167990887_8316951517873311740_n
380704688_1592088061324231_8565903739476536577_n
380709995_1592088104657560_3301898727885205559_n
Қазақ тілі курс туралы мәлімет Қазақ тілі І жж есеп 2023-2024 Жетістік Қазақ тілі 2023-2024жж

«ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ» мектепішілік ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы

Журнал Қазақ тілі 2022