Мектебімізде ағымдағы жылдың 6-шы сәуір күні талантты, дарынды оқушыларды тану және олардың бойына біткен дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында мектебіміздің әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен « ҮЗДІКТЕР ШЫҚҚАН ШЫҢ» тақырыбында ғылыми практикалық конференциясының марапаттау рәсімі өтті. 2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдығында үздік деп танылған ұстаздар мен оқушылар жетістігі мектебіміздің мақтынышы екені анық.Марапаттау рәсімінде мектеп директоры Усманов Бегмат Нұралыұлы мектептің үздік ұстаздары мен оқушыларына алдағы күндерінде де осындай жетістікке жете берулеріне тілек білдіре отырып, биылғы жылы қыруар жұмыстар болып жатқанын тілге тиек етті. «Қош келдіңіз» жас журналистер байқауының, «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсының, 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың, жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсының, «Жүрегімнің түбіне терең бойла» эссе бағыты бойынша Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен «Абай әлемі» атты ІІІ республикалық шығармашылық байқауының, VII «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздарын марапатталды. Егемен еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпаққа білім беру жолындағы адал еңбегіңіз бен сапалы жұмыс нәтижесін көрсеткені, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлесі үшін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызының, әдістемелік орталықтың басшысы Meruert Medetbekova — ның алғыс хатымен марапатталған бірнеше мұғалімдерді де құттықтады. Сондай-ақ жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ – 2023» байқауының жүлдегерлері марапатталды.Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева ,. Сонымен қатар қалалық мұғалімдер спартакиадасында барлық спорт түрін қоса есептегенде ІІ орын алған мектеп ұжымы мен шеберліктерімен көзге түскен мұғалімдер марапаты табысталды.Кеш соңында мектеп басшысы Бегмат Усмановмұғалімдер мен оқушыларға ынталандыру мақсатында өзінің тарапынан сыйлықтар тарту етті. Атап айтар болсақ, метебімізде салауатты өмір салтын дамыту мақсатында үстел теннисі мен бадминтон (толық құрал-жабдықтарымен), шахматтар, волейбол (3) мен футбол (1) доптарын сыйға тартты. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ділдабек Ерасылға қазақтың қара домбырасын тарту етті.Осылайша өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған «Үздіктер шыққан шың» тақырыбындағы мараппаттау кеші ұстаздар мен оқушыларға ерекше жігер сыйлады деген ойдамыз.Дарынды шәкірттер мен өз ісінің шеберіне айналған ұстаздар кез-келген марапатқа лайықты.

336175786_163071266678694_7704832018569912845_n
336211118_173813762198739_4910796218489099028_n
336244619_759819345525880_8568922613717388208_n
336249194_1139735074085186_1790272265062223176_n
336249930_1150671012268458_6997307468569243508_n
336256050_632741748638926_1430745790989384860_n
336286110_2551149318517863_8089782805983537724_n
336293865_1423511518395765_7061660981842495857_n
336297999_5853403098103341_3065661694393448455_n
336324354_956743165758935_2551117721802117209_n
336324472_3563010593929219_2095294687940346262_n
336325916_609471404381233_652423450969573618_n
336397912_1017379899585649_821031172428852783_n
336494403_893647438562712_5662442464969943835_n
336676011_247498351010852_5198885105139184687_n
336759327_619630712882387_961025992890723020_n
336907047_985237532412569_5000028559014272250_n
340273792_6645278192153079_6994954673751306905_n

Предыдущее изображение
Следующее изображение