Ағымдағы жылдың 26 – шы желтоқсан күні,С.Нұрмағамбетов атындағы N72 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «ЖАРҚЫРА, ЖАСА, ЖАС МАМАН» байқауы өтті.
Мақсаты:
-Жас мамандардың кәсіби мәртебесін көтеру;
-Шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету;
-Педагогикалық тәжірбиелерімен бөлісу;
Байқау шарттары мен критерийі:
1. Таныстыру ( ТЕDx форматта)
Критерий: Жас маманның біліктілігін, педагогикалық техникасын, мәдениетін бақылау;
2. Сабақ үдерісіндегі цифрлық технологиялар
(сабағында қолданған платформалармен 3 минуттық видео ролик)
Критерий: Өз тәжірибесімен бөлісу арқылы педагогикалық қабілетін сараптау.
3. Өз өнері ( таңдауы бойынша)
Критерий: Жас маманның шығармашылық бағытын байқау
4. Білікті ұстаз, білімді жас маман (тәлімгерімен бірге ситуациялық жағдаяттан шығу)
Критерий: Педагогикалық ой- өрісі мен эрудициясы, адамгершілік- этикалық қасиетін талдау;
5. Қорытынды.
Байқау нәтижесінде:
Бас жүлде
математика бірлестігінің жас маманы Нұрмаханова Айару
І орын
педагог- логопед Юсупбекова Әсем
ІІ орын
дене тәрбиесі және АӘД бірлестігінен Төлен Бақдаулет
ІІІ орын
Ағылшын тілі бірлестігінен Асылбекова Құралай
Орыс тілі мен әдебиеті бірлестігінен Розакулова Наргиза.
Жүлделі орындарға ие болған жас маман қатысушыларымызды ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз!