Мектебімізде ағымдағы жылдың 6-шы сәуір күні талантты, дарынды оқушыларды тану және олардың бойына біткен дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында мектебіміздің әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен « ҮЗДІКТЕР ШЫҚҚАН ШЫҢ» тақырыбында ғылыми практикалық конференциясының марапаттау рәсімі өтті. 2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдығында үздік деп танылған ұстаздар мен оқушылар жетістігі мектебіміздің мақтынышы екені анық.Марапаттау рәсімінде мектеп директоры Усманов Бегмат Нұралыұлы мектептің үздік ұстаздары мен оқушыларына алдағы күндерінде де осындай жетістікке жете берулеріне тілек білдіре отырып, биылғы жылы қыруар жұмыстар болып жатқанын тілге тиек етті. “Қош келдіңіз” жас журналистер байқауының, “Зерде” республикалық зерттеу жобалар конкурсының, 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың, жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсының, “Жүрегімнің түбіне терең бойла” эссе бағыты бойынша Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен “Абай әлемі” атты ІІІ республикалық шығармашылық байқауының, VII “Алтын сақа” олимпиадасының жеңімпаздарын марапатталды. Егемен еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпаққа білім беру жолындағы адал еңбегіңіз бен сапалы жұмыс нәтижесін көрсеткені, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлесі үшін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызының, әдістемелік орталықтың басшысы Meruert Medetbekova – ның алғыс хатымен марапатталған бірнеше мұғалімдерді де құттықтады. Сондай-ақ жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ – 2023» байқауының жүлдегерлері марапатталды.Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева ,. Сонымен қатар қалалық мұғалімдер спартакиадасында барлық спорт түрін қоса есептегенде ІІ орын алған мектеп ұжымы мен шеберліктерімен көзге түскен мұғалімдер марапаты табысталды.Кеш соңында мектеп басшысы Бегмат Усмановмұғалімдер мен оқушыларға ынталандыру мақсатында өзінің тарапынан сыйлықтар тарту етті. Атап айтар болсақ, метебімізде салауатты өмір салтын дамыту мақсатында үстел теннисі мен бадминтон (толық құрал-жабдықтарымен), шахматтар, волейбол (3) мен футбол (1) доптарын сыйға тартты. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ділдабек Ерасылға қазақтың қара домбырасын тарту етті.Осылайша өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған “Үздіктер шыққан шың” тақырыбындағы мараппаттау кеші ұстаздар мен оқушыларға ерекше жігер сыйлады деген ойдамыз.Дарынды шәкірттер мен өз ісінің шеберіне айналған ұстаздар кез-келген марапатқа лайықты.