Құрылу тарихы

image_pdfimage_print

С.Нұрмағамбетов атындағы N 72 жалпы орта білім беретін мектебі  тарихынан сыр.

Өткен күн тарих.                 

Келер күн-сыр.                    

Бүгінгі күн-үлкен сый.    (Қорқыт)        

            Тәуелсіздік алған елімізге алыс-жақыннан ағылған ұлы көштің алды ата-мекенге атбасын тіреп  тұрақтанды. Осындай көшпен қаламыздағы Қайтпас-1 елді мекеніне көршілес республикалардан, Қазақстанның экологиялық апат аймақтарынан қоныс аударған 700-800 дей жанұя шоғырланды. 4500-5000 дай халқы бар елді мекенге осы аймақтағы жалғыз №58 мектеп тарлық ете бастады. Көктемнің лайсаңды күндерінде, қыстың қаһарлы аязында қалың қарды бірнеше шақырымға жаяулап омбылаған балалардың жағдайы ата-аналардың жанына қатты батты. Қиналған халыққа қол ұшын созып, сол кездегі қала әкімі А.Орманов N72 қазақ орта мектебінің бой көтеруіне ықпал жасады.  Шағын ғимаратта ашылған N72 орта мектебінің ұйымшыл ұжымының Қайтпас-1 елді мекенінің көптеген ұл-қызының білім алуына мүмкіндік берген,  халықтың алғысына бөленген жайы бар. Қаншама ыстық ықыласқа бөленген кештер, кездесулер өтілді.Сол кездегі жаңа ұйымдасқан мектептің ыстық суығына бірдей төзіп, ұжымды шеберлікпен басқарған мектеп директоры Б.Алтаевқа, мектеп құрылысына да оқу процесіне де ерекше еңбек сіңірген 13 мұғалімге /Б.Алтаев, Ә.Оспанов, К.Бейсенова, М.Манкентбаева, С.Жұрынбаева, Б.Асанбаева, Қ.Шакибаева, Б.Сапаров, Қ.Нұрлыбаева, Ғ.Дүйсенбиева, К.Беркінбаева, Ә.Шәкіртаева, Б.Рыспанбетова/ құрметіміз ерекше. Еңбек ете жүріп үлкен мектепт арман болды.    Оқушылар саны да жыл сайын көбейіп отырғандықтан, заман талабына сай мектеп қажеттілігі артты. Мектеп   ұжымы мен ата-аналардың өтініші бойынша бірнеше халық қалаулылары, ел тізгінін ұстаған сыйлы азаматтар ұядай мектебіміздің төрінде отырып өз көздерімен  мектептің жағдайын көрген. Мектептің түйінді мәселелері қала, облыс көлеміндегі баспасөз беттерінде де жазылған. Шешілмей тұрған мәселелер мектеп ыңғайластырылған, оқушылардың саны жыл сайын көбеюде, оқушылар оқитын бөлмелер, мұғалімдер бөлмесі, медбике кабинеті т.б жетіспейді. Оқу-тәрбие    жұмысының өз дәрежесінде жүргізілуі үшін асхана, акт залы, спорт залы бар заман талабына сай типтік үлгіде салынған мектеп қажет деген тұжырым жасалды.  2009 жылдың  ақпан  айында мектепті аралап көрген  Шымкент қаласының сол кездегі әкімі 160 балаға арналған ыңғайластырылған ғимаратта 3 ауысымда оқып жатқан №72 қазақ орта мектебінің түйткілді мәселелері осы елді мекендегі құрылысы жүргізіліп жатқан 1200 орындық мектеп пайдалануға берілген сәттен бастап жойылатынын айтты. №72 қазақ орта мектебі елбасымыздың 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасына сай 2010 жылдың  күзінде бітіп,  қараша айында мектеп жаңа ғимаратқа көшті.    Жаңа ғимаратқа көшкен №72 жалпы орта білім беретін мектебінде Ш.Нұрабаева,  А.Ахметбаев сынды абзал азаматтар басшылық етіп мектепті жаңа белестерге көтерді. 22 жылдық тарихы бар орта мектебінің алғашқы жылдарында қазақ еліне танымал әнші Таңат Мамырханұлының,»Азия дауысы» байқауында жүлделі орын алған Рыспанбетовтар отбасылық ансамблінің мүшесі Рыспанбетова Бақтыкүлдің сабақ бергенін, мектебіміздің алғашқы ашылған  5 «б» сыныбында 26 жасында 100 деген әндердің композиторы, әнші Рыспанбетов Саматтың оқығанын, қазір әр түрлі салаларда жауапты қызметтерде еңбек етіп жүрген түлектерімізді мақтан етеміз. Спорт,өнер сайыстарында, пәндік олимпиадаларда биік белестерден көрініп, ұядай мектебімізді гүлге толтырып, жайнатып отырған түлектерімізбен ұстаздар қауымының тиянақты еңбегін өте ыстық сезіммен еске аламыз. 1998/99 оқу жылында оқу процесін 130 оқушымен, 13 мұғаліммен, 8 сынып комплектісімен бастаған мектебіміздің қазір жаңа ғимаратта 3566 мыңнан астам оқушысы, 140 жуық сынып комплектісі бар, 320 педагог еңбек ететін үлкен ұжымға айналғаны көңілге қуаныш ұялатады. 2021 оқу жылынан бастап  ұжымға басшылық жасап отырған жас, іскер басшы Б.Усмановтың еңбегінің жемісі спорт, өнер сайыстарында шәкірттерінің тынбай жетістіктерге жетіп еліміздің көк туын желбіретіп жоғары ұстап жүргені, түрлі пәндік олимпиадаларда мұғалімдер мен оқушылардың жүлделі орындарға  ие болып жатқан  айтуға болады.