Математика пәні бірлестігі

С. Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 6-қазан күні математика онкүндігінінің аясында, математика пәні мұғалімдері Сандибекова Гүлсара мен Арыстанова Әйгерімнің ұйымдастыруымен 9-сыныптар арасындағы "КВЕСТ-математикалық жүйріктер" атты саяхаттар сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыста оқушылар төрт топқа бөлініп, әр топ кезекпен кітапханада, асханада, Парламент бөлмесінде, математика кабинетінде берілген тапсырмаларды орын ауыстыра отырып орындады. Сонымен бірге спорт залында ұйымдастырылған тапсырмаларды да белсенді түрде орындап, өз ұйымшылдықтары мен жүйріктіктерін көрсете білді. Сайыс барысында берілген тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, яғни математикалық білімнің өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шеше білуге және ой жұмысының жүйріктігін дамытуға бағытталған.
Әрбір кабинеттердегі тапсырмалар ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып, оқушылардың жұмыстарының бір жерде көрініс табылуына мүмкіндік жасалды. Сайыс соңында жүлдегер топтар анықталып, марапатталды.

С. Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 4-қазан күні "Табысты сабақ жоспары" тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Жанузакова Гульзина Аманкелдиевна ұстазымыз шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сынып мақсаты жас маманның шығармашылығын арттыруда түрлі платформалар мен көрнекі құралдарды тиімді қолдана отырып жұмыс жасай алуы, табысты сабақ жоспары туралы түсінігі болуы, ҚМЖ жасалу әдістеріне, бөлімдерінің ерекшелігіне, қолданатын әдістерге тоқталу, kundelik.kz журналында жұмыс жасау және оны электронды түрде жүктеуді жетілдіру. Стол үстіне жасалған жүрек конфеттердің өзі келген ұстаздарымызға жылылық сыйлап, ары қарай ұстаздар бір-бірін мерекемен құттықтап тәттілермен алмасты. " Ой қозғау барысында" табысты сабақ жоспары қандай болу керек? деген сауалымен басталып, ұстаздардың ойы тыңдалған соң табысты сабақ жоспарының тоғыз қадамына Гульзина апайымыз арнайы тоқталды. "5 қадам" әдісімен ҚМЖ бөлімдерінде қолданылатын әдіс-тәсілдер айтылып өтті.Сергіту сәтінде "Жұлдыз" алған ұстаздарымыз, "Шырағыңды жақ!" сәтінде өз оқушысының биіктен көрінуі үшін жұлдыз шырақдандарды жағып тілек тіледі. Сабақ соңы "Үш Қ" әдісімен жалғасып ұстаздарымыз қоржындарының осы сабақтан өздеріне алған қызықты, қиын емес, қажет деген мәліметтерімен толыққанын жеткізді. Шеберлік сынып барысында Миятбекова Мадина, Лесбек Бекарыс, Серікбаева Динара, Наргиза Султановна ұстаздарымыз өз белсенділіктерін көрсетті. Ұстаздарымызды бұл сабақтан алған маңызды ақпараттарды өз сабақтарында қолданып табысты бола берсін деп, ұстаздар мерекесімен құттықтаймыз.

"Математикалық эстафета"

С. Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 3-қазан күні "Математика сабағында қолданбалы есептерді шығару арқылы білім алушылардың математикалық сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбында математика онкүндігіні аясында, спорт залда Абдуллаев Нағашбек Келесбайұлы, Сайдазимова Әсия Мирзаахмедкизи, Есполова Раушан Бейсенбаевна атты мұғалімдеріміздің ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында "Математикалық эстафета" спорттық жарыс болып өтті. Жарысқа 5 "Б" (Қыран тобы), 5 "Г" (Жалын тобы), 5 "Л" (Бірлік тобы) сыныптарынан оқушылар қатысты. Ойын 5 сайыстан тұрды. 1- сайыста: «Кім жылдам?» доппен жүгіріп барып, сандарды салыстыру. 2- сайыс: «Адасқан әріптер». 3- сайыс: «Тез есептеу» доппен жүгіріп барып есептеу. 4- сайыс: “Кім көп біледі?” 5- сайыс: Жұмбақтар шешу (топ басшылар сайысы). Қорытындысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жекенова Гаухар Серікбайқызы жеңіске жеткен топтарды "Мадақтама" мен марапаттады. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын және шапшаңдығына риза болып, математика бойынша берілген сұрақтарға жылдам жауап беріп, өз ой ұшқырлықтарымен тәнті етті. Жарыс нәтижесінде І орынды 5 "Б" сынып (Қыран тобы), ІІ орынды 5 "Г" сынып (Жалын тобы), ІІІ орынды 5 "Л" сынып (Бірлік тобы) иеленді. Оқушыларға спорт пен білімді ұштастыра білген жас талантты балаларға келешекте салауатты өмір салтын сақтап өсетін жас ұрпақтарға сәттілік тіледі.

ЭКСКЛЮЗИВНО

02.10.23ж / Математика онкүндігі

С. Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 2-қазан күні "Математика сабағында қолданбалы есептерді шығару арқылы білім алушылардың математикалық сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбында математика онкүндігінің ашылуы болып өтті. Онкүндіктің мақсаты білім алушыларға нақты өмірлік жағдаяттарға байланысты тапсырмалар беру арқылы математикалық сауаттылығын қалыптастыру. Ашылуы мектеп фойесінде Омирбекова Гулхадиша апайымыздың ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларының «Математикалық сандар» биімен басталды. Екінші қабатта математика бұрышы ұйымдастырылып, математика пәні бірлестік жетекшісі Жанаева Майра Султанбекқызы онкүндік бағдарламасымен қонақтарды таныстырып өтті. Баратов Болат ағай мен Құрманалиева Мөлдір, Тұрғынбаева Гулбайра апайларымыздың тұрмыстық қажеттілікке байланысты есептері үй макеті арқылы және 3D кеңістігі арқылы беріліп, 10-сынып оқушылары оны математикалық сауаттылықпен байланыстырып, үй салуға кететін материал мен қаржысын есептеп өмірмен ұштастыра білді. Абдулаев Нағашыбек ағайымыздың 5 "Е" сынып оқушысы Икрам Көркем домбыра бөліктерін бөлшек сандармен байланыстырып, домбыра бөліктерінің жасалу жолдарына толығырақ тоқталып өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жекенова Гаухар Серікбайқызы математика пәнінің онкүндігінің ашылуына сәттілік тілеп, онкүндік барысында өтетін іс-шаралар жаңашыл идеяларға толы болатынына сенім білдірді.