Қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігі

Қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігі

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектепте 2023 жылдың 18 қыркүйек күні «Бесікте әлдилеген ана тілім» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру,пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,көркем әдеби шығармаларды насихаттау. Іс-шара барысында Манат Аштайқызының жетекшілігімен 11-сынып оқушылары І.Есенберлиннің «Қаһар»,М.Әуезовтың «Абай жолы»шығармасынан үзінді көрсетіліп,қазақ әдебиетінің мол мұраларынан үзінділер оқылды.Ш.Құдайбердіұлының әндері шырқалып,қуыршақ театрының сахналастырылған ертегі қойылымын қойып,күй тартып,би билеп көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Мектебіміздің директоры Бегмат Нұралыұлы және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гулжан Қамысбекқызы ұстаздар мен оқушыларды онкүндіктің ашылуымен құттықтап,алдағы болатын іс-шараларға белсенділікпен қатысу керектігін айтып,бірлестік мүшелеріне сәттілік тіледі.

Қазақ тілі курс туралы мәлімет

“ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ” мектепішілік ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы

Журнал Қазақ тілі 2022