1
1
С.Нұрмағамбетов атындағы №72 ЖОББМ «Балбұлақ» жазғы сауықтыру алаңында 31.06.24ж. күні ағылшын тілі үйірмесінің жетекшісі Г.Бердалиева мен дене шынықтыру мұғалімі И.Кочиев бірлесуімен жан-жақты тұлға тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, ең алдымен баланың интеллектуалдық білімін арттыру үшін «Үш тілді білу-заман талабы» атты ағылшын тілі сабағы өтілді. Аталмыш сабақта балаға тілдің құндылығын ұғындыру мақсатында көрнекіліктер арқылы түрлі топтық жұмыстар мен жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балаларды ғылымға қызықтыру үшін әрі ой-өрісін дамыту үшін «Ойнайық та, ойлайық!» атты логикалық қызығушылығын арттыру ойыны өткізілді. Балалар бұл ойын арқылы миға шабуыл жасап, ойларын сергітіп алғаны байқалды. Әлбетте, балалар сауықтыру алаңында жүргендіктен спорттық шаралар ұйымдастырылуы міндетті. Сондықтан да, балалардың тек ойы емес, бойы да сергу үшін «Көңілді старт» атты қызықты эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, «Бірлік», «Достық» тобының өзара ауызбіршілігі артып, балалар бір-бірін жақсырақ тани түсті және де тартысты сайыс арқасында қызықты уақыт өткізді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы N72 жалпы орта білім беретін мектебінде “Балдәурен” жазғы алаңы 30.05.24ж жұмысын таңғы жаттығумен бастады. Балалар бүгінгі күнді тамаша көңіл-күймен бастай отырып, топтық жұмыстар жүргізді. Топта “Мен жылдаммын”, “Жылдам жеткіз”, “Ертегілер әлемі”,”Мен кіммін?” ойындары жүргізілді. Топта жасалған жұмыстар балалардың бойына сенімділікті, іздемпаздықты, сүйіспеншілік пен достықты оята білді. Топтарда жүргізілген жұмыстар балалардың қызығушылығын арттырып, бүлдіршіндер жақсы көңіл күймен қайтты.
29.05.24 жылы «Балбұлақ» жазғы сауықтыру алаңы оқушыларымен балаларды мектеп алаңына жинап, «Жолда жүру ережесімен» таныстыру жұмыстары жүргізілді. Балалардың білімдерін толықтыру мақсатында әр топты бір-бірімен жарыстыра «Абайлаңыз, бағдаршам» деген тақырыпта білімділер сайысы өтті. Сайыста «Қыран», «Алғырлар», «Білгірлер» тобы жақсы нәтиже көрсетті. Жол белгілері бойынша сурет салдыру мақсатында «Қош келдің, көңілді жаз!» деген тақырыпта субояумен сурет салу жарысы ұйымдастырылды. Жолдыбай Адина, Саттыбек Жанерке, Заттар Кәусар деген оқушылар өздерінің ерекше таланттарын танытып, тамаша суреттер салды.
- "Бақытты балалық шаққа саяхат!"