Үйірмелер оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жас зияткерлерге шығармашылық қабілетін дамытуға, өз мүмкіндіктерін шыңдауға, талантын тануға, қызықты жобаларға атсалысуға көмектеседі. Бүгінгі таңда мектепте 10-нан аса үйірме, секциялар мен клубтар жұмыс істейді. Қосымша білім беру саласының мамандары балаларды жас экологқа, билеуге, киім тігуге үйретеді. Спортпен әуестенетін оқушыларды мектеп спорт залдары шақырады. Жас спортшыларға тоғызқұмалақ, волейбол, үстел теннисі, дойбы, стритбол, футбол сециялары ұсынылады. Үйірмеге қатысушылар қалалық, республикалық, халықаралық конкурстар мен байқауларға, фестивальдарға белсене қатысады. Мектептің бишілер «Арнау» тобы көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.Сонымен қатар қыздар клубы облыстық байқаулардың жүлдегері және домбыра үйрену жетістікке жетіп, Халықаралық бас жүлде иегерлері атанып отыр.Үйірмелердің көбі оқушылар арасында ерекше сұранысқа ие. Осындай танымал бірлестіктер қатарына «Қолөнер» үйірмесін жатқызуға болады. Жетекшілері көмегімен үйірмеге қатысушы оқушылар жыл сайын бұйымдардың үлкен көрмесін өткізеді.
Жаңа оқу жылында мектептің қосымша білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылатын үйірмелер мен клубтар, спорт секцияларының оқушыларға берері көп, ал талай дарынды баланың өз талантымен көпті тамсандыратыны сөзсіз екеніне мектеп толық сенеді.