Кәсіптік бағдар беру

image_pdfimage_print

Введите текст заголовка

Жылдық жоспар 2023-2024жж

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы 72 жалпы орта білім беретін мектебінде химия және биология онкүндігі жоспарына сәйкес 11 сыныптар арасында “140 балл”атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа форматтағы ҰБТ-ге жауапкершілікпен жоспарлы дайындық жасауға тәрбиелеу. Оқушылардың өзін-өзі тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, сресті жеңуге жол көрсету, бойларына сенімділік орнату. Сайыста “Бәйге”, “Жасырын ұяшықтар””, “Kahoot” әдісімен тапсырмалар, ойындар берілді. Қатысқан оқушылар арасында 1-ші орынды 11 “Ә” сынып оқушысы Жұмабай Айдана, 2-ші орынды 11 “Б” сынып оқушысы Байнеев Ерасыл, 3-ші орынды 11 “Ж” с ынып оқушысы Жуманова Нұргүл алып, өз білімдерін дәлелдеді. Жүлдегер оқшылар мараппатталды. Іс-шараға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары Жекенова Гаухар Серікбайқызы, Орал Нұркен Базарбайұлы және пән мұғалімдері қатысып, оқушыларға тілектерін, алғыстарын білдірді. Ұйымдастырушы мұғалімдер:
Бекбаева Ақшолпан мен Салтаева Меруерт
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектеп бітіруші оқушылардың жоғары мектеп/факультеттердің білім беру бағдарламаларын таныстыру мақсатында «С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің» 9,11 сыныпты бітіруші түлектері «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне», «Мирас колледжіне», «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар » колледждерінің «Ашық есік күндеріне» қатысып қайтты.
⚜️ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі және көпсалалы университеті, облыстың ғылыми, білім, зияткерлік, мәдени орталығы.
⚜️ “Мирас” колледжі мекемесі 2005 жылы құрылған.Өзінің қызмет еткен уақытында колледж өзінің қалыптасу жолынан өтті, соның арқасында білім беру қызметі нарығында өзін көрсете білді және білім алушылардың сеніміне ие болды.
⚜️ «Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» негізі 1969 ж. қаланған экономика, заң,ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс,энергетика, және мұнай-газ өндірісін автоматтандыру бағыттарында бәсекеге қабілетті, жұмыс берушілердің талаптарына сай маман дайындайтын республикамыздағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі.
«Ашық есік күні» мақсаты – бітіруші түлектердің еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігін қалыптастыру болып табылады.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 31 қаңтар күні кәсіби бағдар беру мақсатында «Кім боламын?» атты 9 – сыныптар арасында пікірлесу ұйымдастырылды.
Пікірлесудің мақсаты: мамандықтарды таңдай және талдай білуге, өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету. Пікірлесу оқушылармен дебат үлгісінде, оқушылардың өз пікірлерін ортаға салу арқылы, екі бағытта гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша әр топ өз ойларын ашып айтты. Сергіту сәті ретінде оқушыларға «Бункер» ойыны ойнатылды.
Мектебіміздің басшысы Б.Н. Усманов пікірлесуге қатысып, оқушыларға болашақта мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасау керектігін айтты.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті болып, оның мамандығы қоғамға пайдалы болатындай болуы керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

Master Addons

«Кім боламын?»

Кәсіптік бағдар беру – табысты болашаққа маңызды қадам

2024 жылдың 18 қаңтар күні кәсіби бағдар беру мақсатында «С.Нұрмағамбетов атындағы №72 ЖОББМ ШЖҚМКК» акт залында Алматы қаласының Азаматтық Авиация Академиясы және Авиация колледжінің өкілдері Қаратау ауданына қарасты мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Азаматтық Авиация Академиясы авиация саласының тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін халықаралық талаптарына сәйкес авиация мамандарын даярлау бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы дәстүрлі көшбасшы оқу орындарының бірі болып табылады. Бітірген түлектері әртүрлі әуе компанияларында жұмыс жасай алады. Кездесу барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, оқу орны туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқу орны жайлы брошюралар таратылды.

Мектебімізде 2023 жылдың 4-5 желтоқсан күндері 8-11 сыныптар аралығында мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған ата-аналарға «Ашық есік» күнінің жоспарына сәйкес «Мамандығым - мақтанышым» атты
10-сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел өтілді. Мақсаты: «Мамандық таңдауда оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау». Кәсіби білім беру педагогы С.С.Файзуллаева дөңгелек үстелге арнайы қонақтарды шақырды. Олар:
“Ұлбайша Тілеубековна-Қалалық онкологиялық орталығының бас мейірбикесі Маханов Тұрсынхан-ОҚПУ-дың «Өнер және білім факультетінің кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы» аға оқытушы, педогогика ғылымдарының кандидаты. Алмагүл Набекқызы-невропотолог-рефлексотерапевт, Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Муратов Джумабай Абаевич келді.
Іс –шара барысында келген қонақтар оқушыларға әр мамандықтың қызығы мен қиындығы жайлы, өз мамандығын жүрекпен қалап, ұлтымыз үшін үлес қосып жүргендерін атап айтты. Өтілген іс-шараның бала болашағы үшін маңызы зор екенін де айтып, Бегмат Нұралыұлы басқарып отырған мектеп ұжымына рақмет айтты.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Жакашева келген қонақтарға алғыс білдіре отырып, іс-шараны қорытындылады. Мектебіміздің келешек түлектері өздеріне қажетті ой түйіндегені сөзсіз...

Powered By EmbedPress