ДЕБАТ ӨҢІРЛІК ЖОСПАР 2023-2024 жылдық.
дебат багдарлама 2024
дебат паспорт 72 ЖОББМ
Оқушылар тізімі
дебат турнир
Хаттама 1
Хаттама дебат
«Б.П. МЕКТЕПТЕ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛҒАН ЗАҢДЫ ДҰРЫС ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ..
Мектебімізде, ағымдағы жылдың 19-ші қантар күні, « Развитие визуальной грамотности на уроках русского языка» тақырыбындағы орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі аясында 7-8 сыныптар арасында «ЕСТЬ ЛИ БУДУЩЕЕ У КНИГ?» тақырыбында дебат өткізілді.Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту — өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Дебат клубтарының мақсаты – оқушылардың ретке келтірілген көзқарасын, пікір мен идея алмасу қабілеттерін дамыту.Дебат АПФ ұйымдастырылды, төрешіміз Абдықадыр Сандуғаш пен қолдау көрсеткен Омирбекова Жансұлу мен Розакулова Наргиза пікірсайыс жетекшісі Г.П. Жуманова өз сараптамасын қортындылап берді.
Пікірсайысшылар әр ойында өздерінің ойларын еркін жеткізіп, сөйлеу дағдылары еркін қалыптасқандығын көрсете білді.
Қаңтар айының жоспарына сәйкес «АЛЬТАИР» дебат клубының ұйымдастыруымен🔰 “БП Ата-аналар балаларының әлеуметтік желідегі аккаунттарына қол жеткізе алуы керек пе?” тақырыбында мектепішілік дебат ойыны өткізілді. 📌Сайыста 4 – фракция қатысып өздерінің жинақтаған материалдарын, ұтымды дәлелдерін келтіре отырып ойынды жоғарғы деңгейде өткізді. 📍Оқушылар ойларын ашық жеткізе алды. 🔰Мақсаты: Отбасы құндылықтарын насихаттап, отбасындағы ата – анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ассоциациясының қалалық слетін ұйымдастырды.
2023 жылы 14 қазан күні Шымкент қаласы білім басқармасы “Қосымша білім беру оқу салалық орталығының” ұйымдастыруыменFin Bridge International School базасында“Төрт тоқсан,төрт өнер” жобасы аясында “Айтыс” өнерін дәріптеу мақсатында Бұқар жыраудың 330 жылдығына орай “Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы...” тақырыбында аудандық іріктеу турнирі өтті.Турнир нәтижесі төмендегіше қорытындыланды:Қазақ лигасы бойынша: “Үздік фракция” номинациясымен ие болса, орыс тілі лигасы бойынша Альтайр фракциясы ІІІ ОРЫНМЕН жеңіске жетті.
Оооо, бұндай күн де туады екен – ау🫨 орта буынмен су жаңа буындарымыз қосылып ойын ойнады. 🥳 Керемет шайқас ойын болды ия?🔥 Қарардың өзінде бір мән ғой шіркін🥰 Свежий қарар ғой әлі актуальды болып тұрған🤔
Альтаирдың мықтылары ойын қалай болды?
Альтаирдың орта буынына сабыр, жаңа буындарына сәттілік тілейікші🫶🏻
Сәлем, байланыста Альтаир командасы!
2 қазан күні жас буындарды дебат әлемімен таныстыру мақсатында «Debate show» ұйымдастырылды. Бағдарламада 📌жас буынмен танысу📌қызықты ойындар 📌Дебат форматын түсіндіру;📌 фотосессия
Жас буындар, қатарымызға қош келдіңіздер! Debate show көңілдеріңізден шықты ма?
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 26 қыркүйек күні «Бесікте әлдилеген ана тілім» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында 7 сынып оқушыларының арасында «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» тақырыбында дебат өткізілді.Мақсаты:Білім алушыларды нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу, екі жақтың өзекті мәселелері бойынша пікірталас ұйымдастыруға үйрету, еркін ойын жеткізуге, өзіндік пікірі болуға бағыттау.Дебатқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жакашева Гүлжан Қамысбекқызы қатысып, оқушылар мен ұйымдастырған ұстаздарға ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта да мектебіміздің дебат клубының мүшелігінің қатарына енуге атсалысу керектігін айтты. Математика пәні мұғалімі Тұрғынбаева Гулбайра оқушыларға риза көңілмен ыстық ықыласын білдірді және сәттілік тіледі. Дебатқа қатысқан әрбір оқушы өздерінің керемет дайындықпен келгенін, сонымен қатар келешекте биік белестерді бағындыруына үлкен сенім білдірді.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінде 07.09.2023 жылы 8-10 сынып оқушылары арасында болып өтті. пікірсайыс клубына жаңадан қосылған жас пікірсайысшыларға дебаттың тарихы, негізгі қағидалары мен түрлері жайлы, ойын ережелері мен әлемдік форматтарға шолу жасап, пікірсайыс туралы түсіндірілді. Көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыру.Алдағы уақытта қойған мақсаттарына жету үшін командалық бірлікте мектеп намысын қорғап, үздік нәтижелер көрсетуіне сенімдіміз!Дебат жетекшісі: Жуманова Гульзат 87074798058
Дебат жетекшісі: Жуманова Гульзат 87074798058
24.11.2023 ж. күні 8 «А» мен 8 «Ә» сынып оқушылармен "ЖЕТКІНШЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ" жобасы аясында ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ВЕЙП ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ және Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне орай мектептегі «Электронды темекі туралы мифтер мен шындық» тақырыбында дебат өтілді. Дебатты жақтаушы жақ тақырыпты қолдаушылар 8 «Ә» сынып оқушылары «Үкімет» тарапынан лидер – Адамбек Аружан, спикер – Алмасқызы Айзере және даттаушы жақ тақырыпты қолдамайды деген ұстанымда «Оппозиция» тарапынан 8 «А» сынып оқушылары лидер – Нұржігіт Абзал, спикер – Ибрагимов Сәттібек арасында пікір сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Үкімет» палатасы «Темекінің пайдасынан гөрі зияны көп» деп есептейді, ал «Оппозиция» палатасы «Темекінің тек зияны ғана емес, пайдасы бар екенін білу қажет» деп тақырыпты аша білді. Уақыт төрешілері 10 «Ғ» сынып оқушысы Абдықадыр Сандуғаш пен 11 «Б» сынып оқушысы Ануарова Назерке «Үкімет» пен «Оппозиция» өздерінің нақты, дәлелді пікірлерін талдап сарайлай отырып, өз тараптарынан әділ шешімін шығарды. Нәтижесінде «Үкімет» тарапынан өздерінің нақты дәлелдерін келтіргені үшін оларға І орынды, ал «Оппозиция» тарапыннан әлсіз дәлелдерін ескере отырып ІІ орынды берді.
Қорытындылай келе, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Арыстанова Айгерім Өмірзаққызы сөз алып, қатысушыларға қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында вейп тұтынудың сәнге айналуы белең алуда, электронды темекінің денсаулыққа аса зиян екенін айта отырып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.
БҰЙРЫҚ
ПАСПОРТЫ
img-231208114924-001_compressed
ДЕБАТ ӨҢІРЛІК ЖОСПАР 2023-2024 жылдық. — копия
дебат багдарлама 2023
3A695DD6-4B8F-4FBF-87B0-643FD3CEF6E3_+Қарар анализі
Colorful_Illustrated_English_Introduction_to_Debate_Educational (1)
Кеңейту 3
ДЕБАТ ӨҢІРЛІК ЖОСПАР 2022-2023 ж Жуманова
Оқушы жетістігі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта мектебінде 2023 жылғы 25 қыркүйек күні 8-9 сыныптар арасында «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында жас буындарға арналған алғашқы мектепішілік турнир ұйымдастырылды. 📌 8-9 сынып оқушылары арасында 📌Формат: АПФ 📌Қарар:Менің жетістігім- менің нәтижем Мақсаты: - оқушылардың танымдық деңгейін жақсарту, - ой өрістерін, тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. ___________________________ Пікірсайысшылар әр ойында өздерінің ойларын еркін жеткізіп, сөйлеу дағдылары еркін қалыптасқандығын көрсете білді.
Download
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 26 қыркүйек күні "Ұшқыр ой алаңы" республикалық пікірсайыс турнирінің мектепішілік кезеңі өткізілді. Пікірсайыс 8- 11 сыныптар оқушылары арасында өткізілді. 📌"БП оқушылардың мектеп формасын кию дұрыс д.е!" Пікірсайысшылар әр ойында өздерінің ойларын еркін жеткізіп, сөйлеу дағдылары еркін қалыптасқандығын көрсете білді.